30 мау, 2024 сағат 00:01

Time журналы "шектен шыққан" Байденнің мұқабасын жариялады


Журнал авторлары АҚШ президентінің Дональд Трамппен дебатын "Дүрлігу" деп атаған. 

Байден дебатта ұзақтан-ұзақ үзіліс жасап, дайындалған мәтіннің өзін әрең айтқан. Президенттің жеке дәрігері Байденнің дебатқа дайындығы жақсы екенін айтса да, оның бұл риторикасын жергілікті БАҚ "81 жастағы қарияның шатасқан әңгімесі" деп бағалаған.

Ең атақты демократ Барак Обаманың өзі бұл дебаттан кейін Байденнің жақтастарын одан бас тартуға шақырған. 

Ipsos сауалнамасына сәйкес, оған қатысқандардың үштен екісі Трамп пен Байденді бұл қызмет үшін тым қарт деп санапты. Тағы төрттен бірі Байденді тым қартайған деп санайды.