Қорғаныс министрлігінде қайғылы оқиға болып, салдарынан борттехник қаза тапқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«13 наурызда МИ-8 тікұшағымен жоспарлы ұшу кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан борттехник Ж.Т. Тасыбеков қаза тапты», - делінген қорғаныс ведомствосының хабарламасында.
Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша тергеу жүріп жатыр.
ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына көңіл айтты.