TikTok-тың Қазақстандағы туризм туралы контенті 20 млн қаралым жинаған. Бұл туралы AstanaMediaWeek дәстүрлі халықаралық форумында Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions директоры және TikTok Kazakhstan компаниясының болашақ басшысы Анастасия Панина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасында мәдениет және білім саласындағы ұйымдар біздің қоғамдастықтың мүшесі болады деп шын жүректен үміттенеміз. Біз осы қатысушыларға белсенді түрде көмектесеміз, оларды үйретеміз, дамытамыз», - деген ол TikTok-тың Қазақстанды қамтитын жобаларына тоқталды.
«Біз платформадағы мазмұнды әркелкі ету үшін көп күш жұмсаймыз. Мемлекет өкілдеріне осы қатынастардағы ынтымақтастық пен серіктестік үшін өте ризамыз. Жақында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жобаны іске қостық. Бұл науқан 90 миллионнан астам қаралым жинап, танымдық контенттің танымал болуына түрткі болды. Тағы бір мысал – Kazakh Tourism-мен бірге жазда біз Travel Kazakhstan жобасын іске қостық. Оның аясында интернет пайдаланушылар Қазақстандағы саяхатқа шығуға болатын сүйікті орындарды бөлісуге мүмкіндік алды. Бұл жоба өте танымал болды және 20 миллионнан астам қаралым жинады. Сонымен қатар, жобаға қызығушылық тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстаннан тыс жерлерде де байқалды. Бұл Қазақстандағы туризмді әлемнің басқа бөліктерінен келген адамдарға тартымды етті», - деді TikTok өкілі.