28 ақп, 2022 сағат 19:46

TikTok-та ҚР Қорғаныс министрлігінің фейк аккаунты ашылды


TikTok әлеуметтік желісінде ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі аккаунт пайда болды. Ол - фейк, деп жазады "Ұлт ақпарат" stopfake.kz сайтына сілтеме  жасап.

Логині mod.gov.kz деп аталатын TikTok пайдаланушысы ондаған бейнеролик жариялап үлгерген. Олардың бір бөлігі – ҚР Қарулы Күштерімен байланысты оқу-жаттығулардың видеолары мен жаңалықтардан үзінділер.

Шын мәнінде, бұл аккаунттың Қорғаныс министрлігіне ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы ведомстводан мәлімдеді.

– https://vm.tiktok.com/ZSeTLqDLB / сілтемесі бойынша ашылатын TikTok аккаунты фейк болып табылады. Оның ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми аккаунттарына қатысы жоқ, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында TikTok ведомствоның аккаунттары бар әлеуметтік желілер тізімінде көрсетілмеген.