19 нау, 2021 сағат 14:57

Тибетте жер сілкінісі болды

Жұма күні Қытай Халық республикасының батысындағы Тибет автономдық округінде (ТАО) магнитудасы 6,1 жер сілнікісі болды. Бұл туралы Қытай сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Жерасты дүмпулер жұма күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 14:11-де ТАО-ның әкімшілік орталығы Лхаса қаласынан 300 шақырым жерде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметтерінше, жерасты дүмпулер Нагчу қаласы мен оның жанында орналасқан басқа елді мекендерде қатты сезілді. 

Қаза тапқандар мен ғимараттардың қирауы туралы мәліметтер келіп түскен жоқ.