25 қыр, 2019 сағат 08:10

Теннисші Елена Рыбакина Ухань турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық Елена Рыбакина Ухань турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүниежүзілік рейтингте 50-орында тұрған Е.Рыбакина үшінші айналымда осы турнирдің төртінші, әлемнің бұрынғы бірінші, қазіргі 6-ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен кездесті.

Есеп бірінші партияда қазақстандық теннисшінің пайдасында 5:4 болғаннан кейін С.Халеп матчты жалғастырудан бас тартты.

Бәсеке 45 минутқа созылды.

Е.Рыбакина Ухань турнирінің (жүлде қоры – 2,828 млн АҚШ доллары) жартылай финалына шығу үшін осы жарыстың өткен жылғы жеңімпазы, рейтингте 14-орында тұрған Беларусь елінің өкілі Арина Соболенко немесе әлемнің 8-ракеткасы, голландиялық Кики Бертенстің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакина Ухань турнирінің үшінші айналымына шыққан болатын.