08 қаз, 2019 сағат 16:40

Теннисші Елена Рыбакина Линц турнирін сәтті бастады

Қазақстандық Елена Рыбакина Аустриядағы Линц WTA турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлемнің 43-ракеткасы Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 98-орында тұрған сербиялық Нина Стояновичпен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 7:6 (7:5), 6:2 есебімен ұтты.

Бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды.

Е.Рыбакина екінші айналымда осы жарыстың екінші, әлемнің 10-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчич немесе рейтингте 166-орындағы германиялық Анна-Лена Фридзамның біреуімен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 250 мың АҚШ долларына бағаланған Линц додасы 13 қазанда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Шанхай турнирінде ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.