Қазақстандық Зарина Дияс Мельбурнда WTA Phillip Island Trophy турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 9-ракеткасы, 2019 жылғы АҚШ чемпионатының жеңімпазы, канадалық Бьянка Андреескумен кездесті.
Бірінші партия 6:1 есебімен канадалық спортшының пайдасына шешілді.
Осыдан кейін З.Дияс ойынды жалғастырудан бас тартты.
Б.Андрееску жартылай финалға шығу үшін румыниялық Ирина Бегумен таласады.