18 қаз, 2019 сағат 16:42

Теннис: Рыбакина Люксембург турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Елена Рыбакина Люксембург WTA турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осы жарыстың үшінші, әлемнің 43-ракеткасы Е.Рыбакина ширек финалда рейтингте 79-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ - 6:0.

Екінші сетте есеп 5:4 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасап, матчты түйіндеді.

Бәсеке 1 сағат 9 минутқа созылды.

Е.Рыбакина финалға шығу үшін осы турнирдің өткен жылғы жеңімпазы, әлемнің 26-ракеткасы, тағы бір германиялық Юлия Гергес немесе рейтингте 84-сатыдағы Пуэрто-Рико өкілі Моника Пуигтің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Люксембург додасының (жүлде қоры - 226,4 мың АҚШ доллары) ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.