Теннистен Ролан Гаррос турнирі бір аптаға кейінге шегерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жарысты ұйымдастырушылар мәлім еткендей, Франция ашық чемпионатының іріктеу сайыстары 24-28 мамырда өтеді. Ал негізгі турнир 30-ында басталып, 13 маусымда мәреге жетеді.
Франция Президенті 31 наурыз күні сөйлеген сөзінде денсаулық сақтау саласында жағдай жақсарған жағдайда мамыр айының ортасынан бастап мәдени және спорттық шаралардың кестеге сәйкес бірте-бірте жанданатынын жария еткен болатын. Соған байланысты Ролан Гарросты ұйымдастырушылар турнирді бір аптаға шегеріп, осылайша жарысты тамашалаушылар көбейеді деп үміттенеді.
Ролан Гаррос немесе Франция ашық чемпионаты – жыл сайын өтетін төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бірі.
Өткен жылы да дода пандемияға байланысты кейінге қалдырылып, күзде өткен болатын.