Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Юлия Путинцева US Open турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 78-орында тұрған америкалық Мэдисон Бренглмен өткізді.
Ю.Путинцева екі партияда 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.
Ю.Путинцева екінші айналымда Беларусь елінің өкілдері, әлемнің 13-ракеткасы Арина Соболенко немесе кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазір 41-сатыда тұрған Виктория Азаренконың бірімен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкин мен Александр Бубликтің US Open турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.