Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Юлия Путинцева Тяньцзинь WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ю.Путинцева екінші айналымда аустралиялық, US Open турнирінің 2011 жылғы чемпионы, қазір рейтингте 91-орында тұрған Саманта Стосурмен күш сынасты.
Қазақстандық теннисші тәжірибелі қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.
Ю.Путинцева жүлде қоры 500 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің жартылай финалына шығу үшін Тунис елінің өкілі, әлемнің 61-ракеткасы Онс Жабермен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Линц турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз.