Қазақстандық, әлемнің 31- ракеткасы Юлия Путинцева Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы жарыстың 11-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы кездесуін рейтингте 149-орында тұрған ұлыбританиялық Хэрриет Дартпен өткізді.
Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).
Путинцева екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.
Тартысты бәсеке 2 сағаттан сәл астам уақытқа созылды.
Ю.Путинцева екінші айналымда отандасы Зарина Дияспен шеберлік байқасады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте 118-сатыдағы америкалық Кэти Макналлимен кездесті.
Бірінші сет 4:6 есебімен қарсыласының пайдасына шешілгеннен кейін қазақстандық теннисші жарысты жалғастырудан бас тартты.
Жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын Чарльстон додасы 11 сәуірде мәреге жетеді.