Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Сплит челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық жұп жартылай финалда чехиялықтар Зденек Колар – Лукаш Росолмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда А.Недовесов пен А.Голубев 6:2 есебімен басым түсті.
Екінші сетте чехиялық жұп дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:2.
Тай-брейкте қазақстандықтар жеңісті жұлып алды – 10:6.
Бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды.
Жарыстың 1-ракеткалары А.Недовесов пен А.Голубев финалда Польша өкілдері Шимон Валков – Ян Зелинскимен бас жүлдені сарапқа салады.
Олар жартылай финалда турнирдің 2-ракеткалары, франциялық Альбано Оливетти – аустралиялық Мэтт Ридті 6:4, 6:4 есебімен ұтып кетті.