25 нау, 2021 сағат 19:43

Теннис: Недовесов пен Бублик Хорватиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Задар челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық жұп ширек финалда босниялық Томислав Бркич - хорватиялық Нино Сердарушичпен кездесті.

Бірінші партияда босниялық-хорватиялық жұп айқын басымдылық көрсетті - 6:1. 

Екіншісінде қазақстандықтар 6:2 есебімен есе қайырып, тай-брейкте жеңісте жұлып алды - 12:10.

Бәсеке 1 сағат 11 минутқа созылды.

А.Недовесов пен А.Голубев финалға шығу үшін словакиялықтар Лукаш Клейн - Алекс Молчанмен таласады.