Қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жұптық сында Анталия 2 челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық-украиналық жұп ширек финалда венесуэлалық Давид Луис Мартинес – германиялық Даниэль Альтмайермен күш сынасты.
Осы доданың 3-ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов пен Д.Молчанов 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды.
А.Недовесов пен Д.Молчановтың жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Жекелей сында тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко аргентиналық Факундо Багниске 1:6, 2:6 есебімен есе жіберіп, ширек финалға шыға алмады.
Бұл – Анталияда челленджер сериясында өтіп жатқан екінші турнир. Бұдан бұрын қазақстандық-украиналық жұп осындай додада жеңімпаз атанған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатының кейінге қалдырылмайтынын жазған болатынбыз.