Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында украиналық Денис Молчановпен бірге Анталия 2 челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық-украиналық жұп жартылай финалда бразилиялықтар Рафаэль Матос – Фелипе Мелигени Родригес Алвеспен кездесті.
Бірінші партияда бразилиялық жұп басымдылық танытты – 6:3.
Есесіне екінші сетте А.Недовесов пен Д.Молчанов 7:5 есебімен есе қайырды. Сосын тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8.
Бәсеке 1 сағат 36 минутқа созылды.
А.Недовесов пен Д.Молчанов финалда америкалықтар Роберт Гэллоуэй – Алекс Лоусонмен бас жүлдені сарапқа салады.