Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Зарина Дияс бүгін жаңартылған WTA рейтингінде жоғары көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстанның бірінші ракеткасы Е.Рыбакина 23-тен 22 сатыға жоғарылады.
Еленаның үздік көрсеткіші 17-орын болатын. Юлия Путинцева 30-орнында қалса, Зарина Дияс 90-нан 89-ға көтерілді.
Рейтингіде үздік үштікте бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти, жапониялық Наоми Осака, румыниялық Симона Халеп келеді.
Жұптық сында Галина Воскобоева 87-ден 86-ға, Анна Данилина 128-ден 127-ге, Ю.Путинцева 192-ден 189-ға жайғасты.
Ерлер арасында ATP рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 42-ден 43-ке, Дмитрий Попко 181-ден 182-ге сырғыса, Михаил Кукушкин 106-дан 104-ке көтерілді.
Әлемдік рейтингіде сербиялық Новак Джокович көш бастаса, кеше Барселона турнирінде жеңімпаз атанған испаниялық Рафаэль Надаль ресейлік Даниил Медведевті ығыстырып, екінші орынға шықты.
Жұптық сында Андрей Голубев 82-інші, Михаил Кукушкин 92-інші, Александр Недовесов 103-орнын сақтап қалса, А.Бублик 101-ден 100-ге жоғарылады.