Қазақстандық Дмитрий Попко Италиядағы Бьелле челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дүниежүзілік рейтингте 83-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда әлемнің 66-ракеткасы, америкалық, түбі хорватиялық Бернарда Перамен кездесті.
Өткен жылы АҚШ ашық чемпионатында қазақстандық теннисші қарсыласынан 6:7 (4:7), 0:6 есебімен ұтылып қалған болатын.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін Тунис өкілі Малик Жазиримен өткізді.
Д.Попко 1 сағат 11 минутқа созылған матчта 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол ойын барысында екі мәрте брейкке қол жеткізді.
Д.Попко ширек финалға шығу үшін неміс теннисшісі Даниэль Мазурмен таласады.