Қазақстандық Денис Евсеев италиялық Риккардо Бонадиомен бірге жұптық сында Португалиядағы Оэйраш челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық-италиялық жұп жүлде қоры 31,5 мың еуроға бағаланған жарыстың жартылай финалында ресейлік Теймураз Габашвили – тайбэйлік Цзэн Цзэнмен күш сынасты.
Д.Евсеев пен Р.Бонадио 6:2, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Олар төрт брейк жасай білсе, қарсыластары бір брейкпен шектелді.
Қазақстандық-италиялық жұп финалда германиялықтар Матс Морвинг – Оскар Оттемен бас жүлдені сарапқа салады. Олар жартылай финалда аустриялық Лукас Мидлер – хорватиялық
Нино Сердарушичті 6:4, 3:6, 10:8 есебімен тізе бүктірді.