24 ақп, 2021 сағат 15:28

Теннис: Бублик Сингапур турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Сингапур ATP турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осы доданың 4-ракеткасы болып тіркеліп, турнирді екінші айналымнан бастаған А.Бублик бастапқы кездесуін түркиялық, рейтингте 302-орында тұрған Алтуг Челикбилекпен өткізді.

Қазақстандық теннисші негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан кейін қосылған қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

А.Бублик жартылай финалға шығу үшін жапониялық, әлемнің 61-ракеткасы Йосихито Нисиокамен таласады. 

Жүлде қоры 361 800 АҚШ долларына бағаланған Сингапур додасы 28 ақпанда мәреге жетеді.