Қазақстандық Анна Данилина Беларусь өкілі Лидия Морозовамен бірге жұптық сында Лион (Франция) WTA турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Данилина мен Л.Морозова ширек финалда доданың 4-ракеткалары болып ресейліктер Екатерина Александрова - Яна Сизиковамен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-беларусьтік жұп 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 6 минутқа созылды.
А.Данилина мен Л.Морозованың жартылай финалдағы қарсыластары бүгін анықталады.
Лион жарысының жүлде қоры - 235 238 АҚШ доллары.