21 ақп, 2021 сағат 13:55

Теннис: Александр Недовесов Нұр-Сұлтан турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық Александр Недовесов елордада өтіп жатқан Forte Challenger 100 іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Недовесов алғашқы кездесуін ресейлік Савриан Даниловпен өткізді.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 33 минутқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ол бәсеке барысында үш брейк жасай алды.

Негізгі турнирге өту үшін А.Недовесов өзбекстандық Сергей Фомин немесе украиналық Владислав Манафовтың біреуімен таласады.

Іріктеу сайысында тағы бір қазақстандық Данил Озерной ресейлік Иван Неделькоға 4:6, 0:6 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ Григорий Ломакин де ресейлік Алексей Захаровтан 2:6, 3:6 есебімен ұтылып қалды.