Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Майами ATP 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Осы доданың 32-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик жарысты екінші айналымнан бастап, рейтингте 57-орында тұрған сербиялық Ласло Дьеремен кездесті.
Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен басымдылық көрсетті. Екінші сетте де қарқынынан айырылған жоқ – 6:4.
Бәсеке 1 сағат 26 минутқа созылды.
А.Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 104-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен таласады.
Ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Майами мастерс турнирі (жалпы жүлде қоры – 3,26 млн АҚШ доллары) 4 сәуірде мәреге жетеді.