Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик ATP чемпиондық кестесінде 9-орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жаңартылған рейтингіде А.Бублик 10-нан 9-сатыға жоғарылады.
Бұл қазақстандық теннисшінің Анталия мен Сингапур АТР 250 турнирлерінің финалына шығуы арқасында мүмкін болып отыр.
Сонымен, ATP (15 наурыздағы мәлімет) чемпиондық кестесі мынадай болып отыр:
1 (1). Новак Джокович (Сербия) - 2140
2 (2). Даниил Медведев (Ресей) - 1950
3 (3). Андрей Рублёв (Ресей) - 1260
4 (4). Стефанос Циципас (Грекия) - 1060
5 (5). Аслан Карацев (Ресей) - 765
6 (6). Маттео Берреттини (Италия) - 495
7 (+2). Мартон Фучович (Венгрия) - 465
8 (-1). Диего Шварцман (Аргентина) - 460
9 (+1). Александр Бублик (Қазақстан) - 430
10 (-2). Александр Зверев (Германия) - 425.