Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бүгін жаңартылған ATP рейтингінде 44-тен 42-орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
А.Бубликтің рейтингідегі бұған дейінгі үздік көрсеткіші 43- орын болатын.
Бұған ол өткен аптада Майами мастерс турнирінің ширек финалына шығуы нәтижесінде қол жеткізді.
Михаил Кукушкин үш сатыға жоғарылап, 105-тен 102- орынға, ал Дмитрий Попко 180-нен 179-ға көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Чарльстон турниріндегі қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.
Осы додада Зарина Диястың да қарсыласы белгілі болды. Ол бүгін іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, ресейлік Наталья Вихлянцевамен кездеседі.