Cessna C501 кішігірім ұшағы сенбі күні Теннеси штатындағы көлге құлады, жеті адам қаза тапты. Бұл туралы Резерфорд округі әкімшілігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алдын ала болжам бойынша, бортта жеті адам болған», - делінген құжатта. «Олардың барлығы өлді деп танылды», - деп атап өтті округ өкілдері.
Ұшақ Теннесиден Флорида штатына бағыт алған. Ол әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай құлаған, келеңсіз жағдайдың себебі әзірге нақтыланбай отыр. Болған оқиғаға байланысты тексеру басталды.