16 нау, 2018 сағат 11:30

Теміржолшылар су тасу қаупі бар аймақтарда тәулік бойы кезекшілікте жүр - ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) Магистральдық желі қызметі жол шаруашылығының барлық бөлімшелері қар тазалау және аршу техникалары көктемгі сел тасқыны жүруі мүмкін тұстарға шоғырландырылды, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

«Еліміздегі барлық су басу қаупі бар теміржол нысандарының бойында жауапты адамдардың тәулік бойғы кезекшілігі қамтамасыз етілген. Барлық теміржол бөлімшелерінде магистральдық желі мен жасанды ғимараттардың қалыпты жұмыс жасауына қажетті алғышарттар жасалды. Көктемгі қызыл су өтетін тұстардағы қауіпті орындар, су шайып кетуі мүмкін топырақ қабаты, теміржолдың шыға берістері, бұрын бүлінген мекендерде барынша қырағы күзет орнатылды» делінген компания таратқан хабарламада.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жергілікті аумақтық органдармен бірлесіп су қоймаларын, ауыл шаруашылығы тоспаларының жағдайын комиссиялық тексеруден өткізуде.

Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысының теміржолшылары қызыл су өтетін тұстарды апатты жағдайлардан сақтау үшін барлық тиісті шараларды қабылдауда. 175 шақырымдағы Тұрғысын-Зырян қума жолы мен Тишинская- Риддер бағдарының 325 шақырымындағы Громотуха өзенінің арнасы аршылуда.

Сонымен қатар теміржол бойынан қасат қар аршылуда. Қар тазалау маусымы басталғалы бері магистральдық жол бойынан 250 мың текше метр қар сыртқа шығарылды. Теміржол бойын қар жалдарынан аршу мақсатында қар аршу және тазалау техникалары жұмылдырылған.

«Компанияның барлық өңірлік бөлімшелерінде теміржол көпірлері қысқы қалдықтардан, мұздан тазаланып, су жүйелері мен арықтар, су көздері түгелдей аршылуда. Теміржол бойындағы нысандарды, бағыттауыш бұрмаларды, теміржол табандарын тазалау су тасқыны қаупін барынша азайтуға бағытталған»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының атқарушы директоры Бауыржан Уәли.