28 ақп, 2024 сағат 16:52

Темекімен күрес неліктен тек вейптерге бағыттылған: тұтынушылар лигасының жетекшісі анықтап көрді


Қазақстан  аумағында ұсынылған өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын «Ұлттық Тұтынушылар Лигасы» ӨҚҰ коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымы тұтынушылар мен кәсіпкерлер арасындағы жанжалдардың алдын алуға және қауіпсіздікті арттыруға, Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

«ҰТЛ» ӨҚҰ жала жабу туралы іс бойынша төрт сот талқылауында өзінің іскерлік беделін қорғап шықты. Арызды Лига Президенті С.Ю.Романовскаяның үстінен қоғам белсендісі Жәмиля Садықова түсірген болатын. Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 соты Садықованың жала жабу туралы талабын қанағаттандырудан бас тартып, С.Ю. Романовскаяға сот шығындары есебінен 600 000 теңге көлемінде өтемақы төлеуге қаулы шығарды.

«Бұл жағдайда ең құндысы – көріп отырғанымыздай – заңдар жұмыс істейді, соттар әділ және дәйекті. Садықованың өзі бірнеше рет Facebook парақшасында, сондай-ақ БАҚ-тағы сұхбатында маған айып тақты. Бірақ мен сабырлық танытып, оны сотқа бермедім, оның тым эмоционалды адам.  Бірақ ол менің үстімнен арыз жазғанда, мен қазақстандық тұтынушылардың ұстанымы мен сұрақтарын нақты түсіндіріп, жауап бердім. Және ҚР соты бірнеше инстанцияда мені қолдады. Менің ойымша, бұл жүйені теріс пайдаланатын және осылайша әділ, бірақ жағымсыз сұрақтар қоятындарға психологиялық қысым жасай аламын деп ойлайтын адамдардың арыздарын салқынқанды және сапалы қараудың жарқын мысалы», - деп түсіндірді Ұлттық тұтынушылар лигасының басшысы Светлана Романовская.


Анықтамалық ақпарат. Тұтынушылардан 2022 жылы жұмыс тәртібімен келіп түскен өтініштердің нәтижесінде «ҰТЛ» ӨҚҰ ҚР Үкіметіне ақпарат алу туралы өтінішпен жүгінді – Тұтынушылардың көпшілігі дәстүрлі темекілерді тұтынатынына қарамастан, қоғам қайраткері Д.Ж. Садықова ұсынған темекіге қарсы шаралардың көбі неліктен темекі баламаларына бағытталған, ал дәстүрлі темекіге қарсы күресті қатаңдату бойынша ұсыныстар қарастырылмаған? Тұтынушылардың өтініштері арасында темекі компанияларының бизнес мүдделерін қорғап жүр ме деген болжамдар да болды. 

«Байқасаңыздар, адамдар, әсіресе жастар барлық жерде темекі шегеді, ауылдық жерлерде тіпті көп шегеді. Сондықтан біздің үндеуіміздің мақсаты баламалармен неліктен қатты күресіп жатқанын анықтау ғана емес, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің барлық күш-жігеріне қарамастан, жағдайы еш өзгермейтін темекі шегу эпидемиясына назар аударту болатын. Садықованың пікірінше, мен осы үндеумен оған жала жауып, қорлаппын. Үстімнен арыз түскенде мен таңғалдым», - деді Светлана Романовская.


ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне жолданған және ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жазылған хат Ж.Ж. Садықовағаның қолына қалай түскені қызық, соның салдарынан оның жоғарыда аталған Министрлікке қандай да бір ықпалы бар ма деген ой туындайды. 

Сот отырысы аяқталғаннан кейін келесі сұрақтар жауапсыз қалды:
- Қоғам белсендісі шетелдік іссапарларға қаржыны қайдан алады, егер шетелдік грант берушілер есебінен болса, олар қайтарымына не сұрайды?
- Егер Садықова ханымның қоры халықаралық сапарларға грант алып жүрген болса, онда неге бұл ұйым шетелдік қаржыландыруды алатын ҮЕҰ тізілімінде жоқ?
- Осы сұрақтарға жауаптар дәстүрлі темекі өнімдерін тұтынумен күресті мүлдем елемей, тек түтінсіз өнімге бағытталған Жәмиля Садықованың белсенді қызметі кімге тиімді екенін түсінуге мүмкіндік береді.

«ҰТЛ» ӨҚҰ сондай-ақ белсенді Жәмиля Садықованың иноагент ретіндегі қызметін тексеруді орынды деп санайды, өйткені қор кімнің есебінен қаржыландырылатыны белгісіз. БАҚ-та бұрынырақта айтылған деректер бойынша және Statsnet ашық деректеріне сәйкес «Темекісіз» қоғамдық қорының жылдық болжамды кірісі 2021 жылы – 119,8 млн теңге, 2022 жылы – 148,6 млн теңге, 2023 жылы – 86 млн теңге.

«ҰТЛ» ӨҚҰ адвокаты Мирфаик Әлиев, өз кезегінде, оның құқықтық тәжірибесінде мұндай жағдайлар көп кездесетінін айтты. Адамдар эмоцияға беріліп, ештеңеге негізделмеген айыптауларды жария етеді де, кейін бұл сот ісіне жалғасады, нәтижесінде моральдық және материалдық өтемақы төлеуге әкеледі. Жәмиля Садықованың жағдайында да осы орын алды, оны сот Ұлттық тұтынушылар лигасының көшбасшысы Светлана Романовскаяға 600 мың теңге төлеуге міндеттеді.

«Сондай-ақ, Светлана Юрьевнаны өткен сот талқылауларында қорғау барысында мен Садықова ханымның жария айыптауларының тарихына үңілдім және байқағаным, қоғамдық алаңда Садықованың қолданыстағы шараларына қарсы кез келген сын пайда болса, ол өз кезегінде айыптаулар мен қорқытып-үркітуге көшіп отырған. Егер біз Светлана Юрьевна айтқан сұрақтарға жауаптарды білсек, онда оның мемлекеттік шенеуніктер мен халықтың таңдаулыларын кімнің пайдасына қаралайтынын білетін боламыз», – деді Әлиев.