Кейiнгi кезде телеарнадан халық әнiн және халық композиторларының әнiн естуге зар болып отырмыз. Сахнада жанын жеп жұлқынып, айтқан әнiнiң мән-мағынасы бұлдыр орындаушылардың заманы туды ма әлде?
Шәмшi Қалдаяқов та ән шығарғанда сол әндi қай әншi орындай алатынын бiлiп, соның қанжығасына байлап беретiн. Қазiргi композиторлардың бiз қазақ боламыз деген ойлары бар ма екен?
Әлде, шығарған әндерiн сынайтын, бағалайтын адам жоқ деп есептей ме? Бiр жақсы жерi “Ғасырлар үнiн” теледидардан көрiп, аз да болса көңiлге тоқ болып тұр. Үздiк ән дегендi тағы көрiп жүрмiз. Онда да әндi бұзуда. Әр әндi неге қазiргi әншiлерге даусына, үнiне және орындау, нақышына қарап бермеске. Домбыраны күмбiрлетiп, халық әндерiн, заманында бұлбұл атанған күмiс көмей, жез таңдай ақын-композиторлардың әндерiн орындайтын қыз-жiгiттер бар, неге оларды теледидардан көрсетпейдi?
Ауғанбай Әбiлез,
Жамбыл облысы.
"Жас Алаш" газеті