Тегеран провинциясындағы Вахидие ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ жарылуы салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, тағы тоғыз адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға кезінде үйдегі пәтерлердің бірінде отбасы туған күнін тойлап жатқаны атап өтілді.
Құтқару қызметі ғимарат үйінділерін аршып жатыр. Мамандар жарылыс себебін анықтауда.