#
#
Cәрсенбі 15/07/2020

Тәжікстандағы қазақстандық студенттер елге қалай жетеді - ҰҚК жауабы

  • 25.05.2020
  • 0
  • 242

Тәжікстанда оқитын Қазақстан азаматтары ұшақ болмаған жағдайда Өзбекстан арқылы шекарадан көлікпен өтеді.

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Instagram парақшасында карантиндік шектеулер кезеңіндегі мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі бойынша онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

«Тәжікстанда оқитын Қазақстан азаматтары ұшақ болмаған жағдайда Өзбекстан арқылы шекарадан көлікпен, Тәжікстан мемлекетінің қызметкерлерімен байланысқа шығу арқылы өте алады», - дейді ҰҚК Шекара қызметі Шекаралық бақылау департаментінің орынбасары Ғани Ағаділов.

Ол шетелден келген студенттің карантинде болатыны туралы айтты. 

«Жалпы карантинге аурухана немесе шипажайға жатқызу Денсаулық сақтау министрлігінің құзырында. Автомобильдік өткізу пунктерінде санитарлық-карантиндік бекет қызметкерлері шетелден келген студенттерді тиісті орындарға жібереді», - дейді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар