Фото: ойыннан скриншот
Тәжікстанның ІІМ зорлық-зомбылық көріністері бар видеойындарға, соның ішінде Counter-Strike және Grand Theft Auto ойындарына қолжетімділікті шектеуді ұсынды. ІІМ-нің баспасөз қызметі милицияның компьютерлік клубтарға тексерістер жүргізіп, зорлық элементтері бар ойындарға қолжетімділікті шектейтінін хабарлады.
Сондай-ақ компьютерлік орталықтардың иелері мен ата-аналарға осындай ойындарға балалардың қол жеткізуін бақылау жөнінде өтініш білдірді.
"Құқық қорғау органдарының талдауы көрсеткендей, өкінішке орай, мұндай ойындарға үнемі әуестенетін кейбір жастар мен жасөспірімдер олардың жағымсыз ықпалына түсіп, түрлі қылмыстарға барады", - делінген ведомство хабарламасында.
Өз кезегінде Тәжікстанның мәдениет министрлігі "бұл ойындар елдің мәдени және моральдық нормаларына қайшы келеді, сондықтан жастардың мінез-құлқына кері әсерін тигізеді" деп мәлімдеді.