Тәжікстанның 5,8 миллион тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алуы керек, деп хабарлайды Ховар агенттігі.
Кеше кешке Тәжікстанға коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинаcының алғашқы партиясы жеткізілді. Вакцинаның 192 мың доза алғашқы партиясы Үндсітан астанасы Делиден арнайы «Сомон Эйр» рейсімен жеткізілді.
Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның қалған бөлігі жақын арада елге біртіндеп жеткізілетінін атап өтті. Республика COVID-19 еуропалық вакцинасын COVAX бағдарламасы аясында алды.
Осы мақсатта Тәжікстанға AstraZeneca вакцинасының 732 мың дозасы беріледі және бірінші кезекте ел халқының 20%-ын вакциналау жоспарланып отыр. Вакцинаны ең алдымен, 70 жастан асқан адамдар, созылмалы инфекциялық емес аурулары бар адамдар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, әскери қызметшілер секілді халықтың неғұрлым осал топтары алуы тиіс.
Екінші кезеңде Тәжікстанда вакцинадан 60 жастан асқан, содан кейін 50 жастан асқан адамдар өтеді, бұл – 1,8 миллионнан астам адам. Бұл ретте 18 жасқа дейінгілер тізімге әлі кірмейді. Халықтың қалған 42,5%- ы елге басқа жақтардан келетін препараттармен егіледі. Олар Қытай немесе Ресейде өндірілген болуы мүмкін.
Осылайша, үшінші кезеңде 3,9 миллион адам вакцина алады. Жалпы алғанда, Тәжікстанның 5,8 миллион тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі керек.