Алматыда күрес түрлерінен Азия іріктеу турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
Жарыс финалында әйелдер күресінен 53 келіге дейінгі салмақта Татьяна Ахметова-Аманжол Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Қазақстандық балуан жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысымен кездесті. Ким Хен Чжумен өткен бақталас 11:1 есебімен аяқталып, Татьяна Ахметова-Аманжол ақтық сынға өтті.
Айта кетерлігі, Азия іріктеу турнирінің финалына шыққан спортшы автоматты түрде Олимпиада жолдамасына ие болады.