Біздің айтайық дегеніміз, өзіміздің және өзгенің тарихына үңілудегі негізгі мақсатымыз – ұлт атауының мағынасын, сондай-ақ, атау – сөздің түп мағынасы және ол атаудың тарихта қай кезде пайда болғанын мөлшерлеп көрсету. Осы орайда, жоғарыда көрсетілген, ел, ұлт атауларына байланысты шартарап ғалымдарының зерттеулері мен пікірлері оқырмандарымыздың ойында жүрсін деген ниетпен келтіріп, жазып отырмыз.
Татар сөзі
1922 жылы шыққан М.Худяковтын «Мусульманская культура в Среднем Поволжье» атты кітабында « - Масса современных казанских мусульман и в настоящее время не считает себя татарами, а завет себя болгарами»,- деп жазыпты. Егер таратып айтатын болсақ, қазіргі татарлар шыныменде Поволжье аймағын мекендеген, мыңдаған жылдық мәдениеті бар, ертеден келе жатқан болгар (немесе булгар) ұлты деуге болады.
Ал, сөз арасында айтар болсақ, «татарлар» деген сөзді өз кезінде Кәрі құрлықтың (Еуропа) Ұлы даланы мекендеген көшпелі қыпшақ тайпаларына (нақтырақ, қазақтың ру, тайпаларына) қаратып айтқаны белгілі. Тіпті, көне славян жұрты да әр дәуірде, өздеріне үнемі қауып төндіріп, кез келген уақытта елін талан-таражға салып, тонап кетіп отырған және әмірін орындатып, өз билігінде ұстағандықтан, көшпелі түркі - қыпшақтарды «Татарлар» деп атаған. Славяндардың түсінігінде «татарлар» деген сөз, ырық бермейтін дүлей күш немесе қара күш деген мағынаны білдіреді.
Егер, әр дәуірде жазылған ғылыми еңбектерді парақтайтын болсақ, «Татар» - деген сөздің өзі, сонау Марко Полодан басталады екен. Бұл, еуропалық саяхатшылар мен саудагерлердің кезінде өздері келген елдерге және сол аймақтағы тұрғындарға қаратып айтқан және еңбектерінде пайдаланған жалпылама сөз.
...Сам Марко Поло был введен в заблуждение тем, что у татар не было слово «тюрк» и всех тюрок Центральной Азии и Великой степи они называли татарами, их племена - татарскими, а язык их - татарским. Эту же ошибку повторяли и многие азиатские и европейские авторы. Так же, Чингисхана он назвал «царем всех татар», а Хубилая он окрестил «шестым великим государем всех татар» - дейді ағылшын зерттеушісі Х.Хукхэм.
Хилда Хукхэм «Тамерлан повелитель тюрков».
Сондықтан «Татар» деген сөздің мән-мағынасына келетін болсақ, кезіндегі Кәрі құрлық елдерінің және олардан келген саяхатшылар мен саудагерлердің, сондай-ақ, көне Славян елдерінің Ұлы даланы мекендеген ат үстіндегі жауынгер, көшпелі түркі – қыпшақ тайпалырына қаратылып айтылған атау болған.
Қазақ сөзі
Біздің кейбір ғалымдарымыздың пайымдауынша, - «Қазақ» сөзінің «үйлі болу, енші алу, жеке отау құру» деген мағыналары, кезіндегі Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлініп, жеке отау тіккен тарихи оқиғаның мағынасына нұсқайды. Заман өтіп, ұрпақтар жалғаса келе, «қазақ» сөзі ұлтымыздың атауына айналғаннан кейін, «бөлек отау құру, үйлі болу» деген түпкі мағына ұмытылып, белгілі ұлттың атауына айналды, - дейді.
«Қазақ» сөзі жұртымыздың хандығы құрылғанға дейінгі әлеуметтік мазмұнда қолданылған кезде де, кейінірек хандық құрылғаннан кейінгі этнонимге айналар кезде де «жеке отау тіккен» секілді ұнамды мағынада пайдаланылған.
PhD докторы Қ.Қыдырбаев «Қыпшақ – Араб сөздігінде не айтылған?» атты жұмысы.
Зерттеуші Ю.Трощей өзінің «Ассы» деген ғылыми еңбегінде Шу бойы қазақтарының сөздігінен: «Каз – каз» - ножками, ножками топ – топ, говорят ребенку, когда его учат ходить», «Каз катар» - строем идти» деген мысал келтірген. Әрине, бұл сөздер қазіргі қазақ тілінде де кездеседі.
Ал, тарихшы Н.А.Полевой : «Кажется нет уже сомнения, что имя казаков есть азиатское название лекгого конного воина. Тут не нужно прибегать ни к Косогам и Казахии Константина Багрянородного, ни к косе, ни к козе, ни к козявке, от чего выводили имя казаков Гербинии, Пясецкие, Зиморовичи и др. В Азии доныне целая орда турецкая называется казаками (киргиз – кайсаки)» (1830 ж.) дейді.
Сонау, Әмір Темірдің ұрпағы саналатын Бабырдың өз уақытында билігінен тайдырылып, қуғын – сүргінде болған кезін «қазақылық» деп атаған екен «Бабыр – нама» атты кітабында. (Бабыр Орталық Азиядан кетіп, Үндістан аумағында 1526 жылы Ұлы Моғол мемлекетін құрады).
Әрине, біздің айтарымыз ұлтымыздың атауының шығуына байланысты түрлі болжамдар, түсініктер, ұғымдар, тіпті, шежірелер де бар. Мұны өздеріңізде ішінара білесіздер.
Дегенмен, бұл атау тек 1465 жылдан Қазақ хандығы құрылғаннан соң ғана, ұлт атауы мағынасына ие болды.
Жоңғар сөзі
Жоңғар, жунгар, зюнгар – Шыңғыс хан әскерлерінің сол жақ қанаты. Оң қанат – бурунғар деп аталған. Жоңғар атауы 13 ғасырдан белгілі. Шыңғыс хан өз шеріктерін құрған кезде, сол қанатының (шығыс жағын), басшысы етіп Жалайыр тайпасынан шыққан Мұқалыны тағайындаған екен.
Бірақ, кейбір тарихи деректерде «Жуун – гар» сөзі Қытайдың «қарақшы адамдар» деген сөзінің мағынасы деп келтірілген.
Гольман Марк Исаакович
доктор исторических наук, востоковед.
Осы сөзді түсіндіріп, дәлірек көрсеткенде, бергі жағындағы қазақ елін және арғы беттегі қара қытайларды үздіксіз тонап отырған ел-жұрт деп түсінуге болады. Дегенмен осы атауға қатысты басқа да түрлі болжамдар мен дәлелдерді өзге де ғылыми еңбектерден табуға болады. Оны кейінгі бір жұмыстарымызда толықтырып көрсетерміз.
Моңғол сөзі
Өзі шөкімдей ғана моңғол жұрты, Ресейдің бурят елімен тұтас бір ұлт. Оны, орыстың зерттеуші ғалымы, академик В.А.Федоров өзінің еңбектерінде былай дейді: «В современной Монголии, хотя они называют себя монголами, фактически они принадлежат народам Бурятии. Когда-то русские установили границу, народ бурят раскололся на две части, лесные и степные. У них общие традиции, обычаи, язык и даже одинаковая одежда. Оба народа веры будды. Их население очень малочисленно. Слово «Мон – голл» является китайским словом. В переводе как «скотники» - деп келтіреді. Қазіргі моңғол аумағында өз уақытында Қытай елі мен ұзақ ғасырлар бойы жағаласып келе жатқан солтүстік қалмақ хандықтары кейіннен қытайдың бір жорығында тұтасымен қырғын тапқан соң, бос қалған далаға біртіндеп келген бурят малшылары.
Тағы бір, орыстың Александр Соловьев атты зерттеуші-терминолог әрі жазушысы өзінің «Речь терминов» деген кітабында былай дейді: «Так как народ Монголов нет, есть народ проживающий Халхинский Бурят, но есть в мире распространенный термин «Монгол». Термин «Мон - голл» - является китайским словом».
Сонымен қатар Хилда Хукхэмнің Әмір Темірге байланысты ғылыми еңбегінде мынандай жазбаларды оқисың: ... Он сам ( Шыңғыс ханды айтады) назвал свое объеденившееся войско Мин - гол, которое в последсвии применялось китайцами к его народу, а заодно назвал так тех, кто присоеденился к нему.
Осылайша, жоғарыда аталған ел атауларына байланысты келтірілген дәйектер мен деректерді, түсініктерді шамамыз келгенше жинақтап көрсетуге тырыстық. Алайда, уақыт тауып іздеген, қарастырған, зерттеген, үңілген, жинақтаған адамға бұданда өзге мысалдарды, дәлелдерді табуға болар деп ойлаймыз.
Бейсенғазы Ұлықбек
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.