Фото: Otbasym.kz
19 наурызда әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойланады.
Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты.
Жыл сайын 19 наурызда жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді.
Наурыз айында табиғатта болатын өзгерістер
Ата-бабаларымыз табиғатты, жануарлардың мінез-құлқын, өсімдіктер мен ауа райы құбылыстарын үнемі бақылап жүрген. Наурыз айында табиғат қысқы ұйқысынан оянып, өсімдіктер мен жануарлар әлемі жандана бастайды. Халық оларға лайықты атаулар берген.
Наурызгүл, наурызшешек, бәйшешек наурыз айында қылтиып бой көтеріп, тау бөктерінде өсетін алғашқы өсімдіктер. Сәл кейінірек дала қызғалдақ пен сарғалдақ гүлдерімен көмкеріледі. Бұл өсімдіктер Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Наурызек, наурызкөк, жылқышы торғай сияқты құстар бақыт құстары деп есептеледі. Олар наурыз айында көктем хабаршысындай болып жылы жақтан ұшып келеді. Бұл құстарды қарсы алу үлкен бақыт. Малшылар оларға беру үшін қалтасына дәнді дақыл- дар салып жүретін.
Қазақ халқының наным-сенімі бойынша, наурыздың алғашқы үш күнінің бірінде жер бетінен ерек- ше гуіл әз жүріп өтеді. Бұл күні табиғат жанданып, жердің жүзі құлпыра бастайды. Әздің жүріп өткенін алғашқы болып қойлар сезеді. Халықта «Әз болмай, мәз болмайды» деген сөз бар.
Көктемнің келгенін жануарлардың мінез-құлқынан да байқауға болады. Мысалы, наурыз айының орта- сында суыр інінен шығады. Егер ол інінен ұзап кетсе, көктем ерте шығады. Егер інінің төңірегінде ғана жайылса, қыс әлі күшінде деген сөз.