17 қаз, 2025 сағат 15:48

Тайвань ежелден Қытайдың ажырамас бөлігі болып келеді


Фото: kaztag.kz
Тайвань көне заманнан бері Қытайға тиесілі. Тайвань аралын алғаш болып қытайлықтар игере бастаған. Осыдан 1700 жыл бұрын Қытайдың «Линьхай шуйтучжи» («Теңіз жағалауы туралы жазбалар») атты тарихи құжатында бұл туралы мәлімет бар. Бұл – Тайвань жөніндегі әлемдегі ең көне жазба. Біздің заманымыздың III және VII ғасырларында Үш патшалық дәуіріндегі билеуші Сунь У мен Суй әулетінің үкіметі Тайваньға он мыңнан астам адам жіберген.

XVII ғасырдан бастап қытай халқының Тайвань жерін игеруі кең көлемде жүре бастады. Юань әулеті (1279–1368 жж.) кезінен бастап Қытайдың барлық әулеттері Тайваньда әкімшілік кеңселер құрып, аралды тиімді басқаруды жүзеге асырған. XVII ғасырдың ортасында голландиялық отаршылдар Тайваньды басып алды. 1662 жылы ұлттық қаһарман Чжэн Чэнгун голланд отаршылдарын қуып шығып, Тайваньды қайта қайтарды.

1895 жылы Қытайдың Цин әулеті 1894 жылғы Қытай–Жапон соғысында жеңіліске ұшырағаннан кейін, Жапонияның қысымымен теңсіз Симоносэки келісіміне қол қойды. Бұл келісім бойынша Тайвань мен Пэнху аралдары Жапонияға берілді. 1937 жылдың шілдесінде қытай халқы жапон басқыншыларына қарсы бүкілхалықтық соғысты бастады. Қытай үкіметі «Жапонияға соғыс жариялау туралы декларациясында» Жапониямен жасалған барлық теңсіз шарттардың күшін жоятындығын және Тайвань мен Пэнху аралдарын қайтару жөнінде мәлімдеді.

Тайваньның Қытайға қайтарылуы – Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің және соғыстан кейінгі халықаралық тәртіптің маңызды бөлігі. 1943 жылы Қытай, АҚШ және Ұлыбритания үкіметтері Каир декларациясын қабылдады, онда Жапония басып алған Тайвань Қытайға қайтарылатыны нақты көрсетілді. 1945 жылы Қытай, АҚШ, Ұлыбритания және Кеңес Одағы Потсдам декларациясына қол қойып, «Каир декларациясының ережелері орындалуы тиіс» деп растады. Сол жылы Жапония «Жапонияның тізе бүгу актісіне» қол қойып, Потсдам декларациясында көзделген міндеттемелерді адал орындауға уәде берді. Осы халықаралық заңдық күші бар құжаттар Қытайдың Тайваньға деген егемендігін айқын дәлелдейді.

1971 жылы 25 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 26-сессиясында 2758-резолюция қабылданып, Қытай Халық Республикасының БҰҰ-дағы заңды құқықтары қалпына келтірілді. Осы резолюцияға сәйкес Тайвань әкімшілігінің өкілдері БҰҰ-ның барлық органдарынан дереу шығарылды. Бұл шешім Біріккен Ұлттар Ұйымында Қытайды, соның ішінде Тайваньды да, біртұтас мемлекет ретінде мойындау мәселесін саяси, құқықтық және рәсімдік тұрғыдан түпкілікті шешті. Осылайша, «екі Қытай» немесе «бір Қытай және бір Тайвань» нұсқаларына жол қалмады. Бұл жаңа Қытай дипломатиясының және әлемдік әділдіктің маңызды жеңісі, сондай-ақ БҰҰ тарихындағы елеулі белес болды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2758-резолюциясында «БҰҰ Жарғысының қағидаттарын еске ала отырып», ҚХР-дың заңды құқықтарын қалпына келтіру «БҰҰ Жарғысын сақтау және Ұйымның миссиясын орындау үшін қажет» деп нақты жазылған. Бұл шешім БҰҰ-ның беделін қорғау бағытындағы Бас Ассамблеяның берік ұстанымын білдіреді. БҰҰ — соғыстан кейінгі әлемдік тәртіптің өзегі. Қытай Халық Республикасының заңды құқықтарының қалпына келтірілуі әлем халқының төрттен бірін құрайтын қытай халқының халықаралық сахнаға қайта оралуын білдіреді. Бұл оқиға Қытай үшін де, бүкіл әлем үшін де маңызды әрі тарихи мәнге ие болды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2758-резолюциясын жоққа шығару әрекеттері — Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығына ғана емес, сонымен қатар БҰҰ беделіне және соғыстан кейінгі халықаралық тәртіпке қарсы арандату болып табылады. Мұндай әрекеттер — тарихтың кері айналуына ұмтылған, негізсіз әрі қауіпті бастама.

«Бір Қытай» принципі — халықаралық қауымдастықтың жалпы мойындаған консенсусы және халықаралық қатынастардың негізгі нормасы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 2758-резолюциясында нақты бекітілген және ешқандай бұрмалауға немесе күмәнге жол берілмейді. Дүниеде тек бір Қытай бар. Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды өкілдік ететін жалғыз заңды үкімет болып табылады. Тайвань — Қытай аумағының ажырамас бөлігі. АҚШ-ты қоса алғанда, әлемнің 180-нен астам мемлекеті «бір Қытай» қағидаты негізінде Қытаймен дипломатиялық қатынас орнатқан.

БҰҰ және оның арнайы мекемелері Тайвань мәселесінде әрдайым «бір Қытай» принципін ұстанып келеді. Тайваньның егемен мемлекет емес екендігі нақты көрсетіліп, ол Қытайдың провинциясы ретінде қарастырылады.

Тайвань — Қытайдың Тайвані. Каир және Потсдам декларацияларына қол қою арқылы АҚШ Тайваньның Қытайға тиесілі екендігін тарихи және құқықтық тұрғыдан жақсы біледі. Алайда АҚШ «Тайвань мәртебесі анықталмаған» деген жалған ұстанымды қайталап, Қытайдың ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау жөніндегі заңды іс-әрекеттерін бұрмалап көрсетеді, халықаралық қауымдастықты адастырады, халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың негізгі нормаларын өрескел бұзады және «Тайвань тәуелсіздігін» жақтайтын сепаратистік күштерге теріс белгі береді.

Тарихты өзгерту мүмкін емес. «Бір Қытай» принципі — халықаралық қауымдастық мойындаған әмбебап келісім. АҚШ-тың біржақты түсіндірулері бұл ұстанымды әлсірете алмайды. Қытай АҚШ-ты «Бір Қытай» принципі мен Қытай–АҚШ арасындағы үш бірлескен коммюникені бұлжытпай орындауға, Тайвань мәселесін саяси құрал ретінде пайдалануды доғаруға, «Тайвань тәуелсіздігін» қандай да бір түрде қолдауды тоқтатуға және Қытайдың ішкі істеріне араласпауға шақырады. Ешкім де, ешқандай күш те Қытайдың түпкілікті бірігу үрдісін тоқтата алмайды.