02 жел, 2025 сағат 12:49

Ерекше балалардың ата-анасын қорлайтын видео түсірген блогер ұсталды

Фото: видеодан скриншот

Астанада мүгедек балалар мен олардың ата-анасын қорлады деп айыпталған блогер ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Әлеуметтік желіде блогердің ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздер айтылған видеосы тараған еді. Полиция блогердің бұл әрекетіне қатысты әкімшілік іс қозғады. 

"Видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.
Астана қаласының полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеліп соқтыратынын ескертеді", – деп хабарлады ведомство. 


Полиция азаматтарды контент жариялауда жауапкершілік алуға, басқа да адамдардың құқықтары мен сезімдерін құрметтеуге, сондай-ақ қоғамдық мораль мен этика нормаларын сақтауға шақырды.

Оқи отырыңыз: Әкім орынбасары мен блогердің даулы пікірлері: Ерекше жандардың құқығын кім қорғайды?