Фото: ашық дереккөз
2025 жылғы 1 мамырдан бастап қазақстандық «Qazaq аir» әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашпақ, деп хабарлайды Ult.kz.
Рейстер бейсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рет ұшады. Осылайша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артады.