Коллаж: egemen.kz
20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Бұл күн білек күшін, ептілік пен төзімділікті сынайтын қазақтың ұлттық спорт түрлерін ұлықтауға арналған, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазақ даласы әуелден-ақ өзінің дәстүрлі ойындарымен әйгілі, олардың біразы бүгінге дейін сақталған.
Көкпар, қазақша күрес, асық ату, бәйге секілді ұлттық сайыстарға бүкіл ел бойынша жүздеген қатысушы мен көрермен жиналады. Бұл - жай ғана әсерлі жарыстар емес, ол - қазақ халқының мәдени кодының бір бөлшегі.