Биыл «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорындарымен бірге «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экоакцияға белсенді қатысып, 97 218 ағаш отырғызды. Осылайша Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған айтулы іс-шараға компания да елеулі үлес қосып отыр. Бұл туралы компанияның telegram арнасы жазады.
Ағаш отырғызу акциясы «ҚазМұнайГаздың» кəсіпорындары орналасқан барлық өңірлерді – Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда жəне Астананы қамтыды. Қалалар мен ауылдарда жаңа жасыл-желекті аймақтар құруға, компанияның өндірістік нысандарының аумағын көгалдандыруға ерекше назар аударылды. Жергілікті климатқа төзімді ағаштар, соның ішінде қайың, қарағай жəне сəмбітал егілді.