#
#
Бейсенбі 13/08/2020

Тапсырма орындалады – Аймағамбетов Президенттің жаңа пәнді енгізу міндеттемесі жайлы

  • 11.07.2020
  • 0
  • 1077

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектеп бағдарламасына «Балалардың экологиялық білімі» атты жаңа пән енгізу тапсырмасы міндетті түрде орындалатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президенттің тапсырмасы бар. Бұл тапсырма міндетті түрде орындалады. Әдістемелік көзқарас, жалпыға ортақ мемлекеттік стандарт, бұл міндетті дұрыс орындау, ғылыми амал-әдіс тұрғысынан әріптестеріміз тиісті шешімді әзірлеуде. Яғни оқу жоспары мен оқу бағдарламасының ғылыми негіздемесі болуы керек. Баланың ақпаратты қабылдау жасына байланысты талдау жасалады. Көптеген фактор зерттеледі. Осыған байланысты ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміз бұл мәселемен айналысуда», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Ал осы мән мектеп бағдарламасына биыл енгізіле ме? Бұл сұраққа жауап берген министр ең алдымен жүктелген міндет сапалы іске асырылуы керектігін айтты.

«Осынау өте дұрыс идеяны сапалы түрде жүзеге асыру керек. Бұл тұрғыда кез келген педагог тиісті кадр, бағдарлама, оқулықтар керектігін біледі. Сол үшін ең алдымен міндеттің дұрыс орындалатынына баса маңыз береміз», - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар