09 қар, 2022 сағат 10:02

Танымал мобилограф Тоқаевтың сапары туралы ерекше влог жариялады

коллаж: Massaget.kz

Танымал мобилограф Қыран Талапбек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауға жұмыс сапары туралы ерекше влог түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

Видео Атырау әуежайынан басталады. Онда блогер Президент бортының келгенін көрсеткен. Ол видеода хаттама туралы айтып, әр сантиметр мен секунд қаншалық дәл есептелгеніне таңғалған.

Қыран Талапбек Президентті атыраулықтар қалай күтіп алғаны, Ақорданың мобилографының жұмысы туралы айтқан.

Еске салайық, 8 қарашада Мемлекет басшысы Атырау облысына жұмыс сапарымен барған еді.