Коллаж: Tengrinews.kz
Танымал қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек (Sekavines) жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматының Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вайнер түсірген видео әлеуметтік желіде тараған. Роликте Сека "кедей" жолаушыны жеткізіп салады. Алайда өзі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Желі қолданушылары полицейлер бұл видеоға назар аударып, вайнерді жазалау керегін айтқан.