23 мау, 2022 сағат 14:00

Танымал әнші Юрий Шатунов қайтыс болды


"Ласковый май" тобының солисі болған танымал әнші Юрий Шатунов 49 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

"Бүгін түнде жедел-жәрдем көлігінде Юраның жүрегі тоқтады" - деді Шатуновтың директоры Аркадий Кудряшов.

Ол әншінің инфаркттан қайтыс болғанын растады.

Юрий Шатунов 1973 жылы 6 қыркүйекте дүниеге келген. Кеңестік және ресейлік танымал әнші. Оның "Искусственное дыхание", "Вспомни май", "Седая ночь" секілді танымал альбомдары бар.

1991 жылы Шатунов "Ласковый май" тобынан кетіп, жеке карьерасын бастаған. 

Ал, тоқсаныншы жылдардың аяғынан Германияда өмір сүріп, кейінірек Ресейге қайта оралған.