8 шілдеде Мәскеуге барған ауғанстандық "Талибан" қозғалысының делегаттары Ресей үкіметінің өкілдеріне Орталық Азия елдерінің тұтастығын бұзбауға уәде берді. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Келіссөздер барысында Ресей Президентінің Таяу Шығыс Республикасындағы арнайы өкілі Замир Кабулов елдің солтүстігіндегі жағдайдың тұрақсыздығына алаңдаушылық білдіріп, тәліптерді қақтығыстың Ауғанстаннан тыс жерлерге шығуына жол бермеуге шақырды. Делегация мүшелері Орта Азия мемлекеттері мен шетелдік өкілдіктер шекараларының ел аумағындағы қауіпсіздігіне кепілдік берді.
