18 там, 2021 сағат 16:36

Тәліптер ауған халқын қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсыруға шақырды


"Талибан" террористік қозғалыс өкілдері (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанның бейбіт тұрғындарын қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсыруға шақырды, - деп хабарлайды Reuters.

"Ауғанстанның бейбіт азаматтары "Талибан" уәкілетті мүшелеріне қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсыруы керек", - делінген қозғалыстың ресми өкілі мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, тәліптерге қатысты азаматтардың кез келген шағымдары тез қаралатыны айтылды.

Еске салайық, "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулға кіріп, елдегі соғыс аяқталғанын мәлімдеді.