06 қыр, 2024 сағат 10:56

"Талибан" Қырғызстандағы террористік ұйымдар тізімінен шығарылды

Фото: pixabay.com

Қырғызстанда тыйым салынған ұйымдардың тізімі 2 қыркүйекте жарияланды, кенеттен тізімде "Талибан" жоқ болып шықты, деп хабарлайды Kaktus Media.

Басылымның мәліметінше, дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия ұйым тізімнен қашан және не үшін шығарылғанына жауап бере алмаған.

"Талибанды" террористік ұйым деп 2006 жылы Первомай аудандық соты шешім шығарған еді.

"Сіз толығырақ ақпарат бере алатын сот органдарына және тізімді жариялаған Бас прокуратураға жүгінуіңіз керек", - деп кеңес берді журналистерге дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссияның басшысы Азамат Юсупов.


Ол сондай-ақ олардан "Талибанға" деген көзқарас мәселесі бойынша қорытынды беруді сұрамағанын атап өтті, өйткені бұл діни емес, террористік ұйым.

Тамыз айының аяғында Ауғанстанда Талибан әйелдердің көпшілік алдында сөйлесуіне тыйым салынған еді.

Қазақстан "Талибан" қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады. Бұл туралы шешім 2023 жылдың соңында қабылданды, ал қаңтарда ол күшіне енді.