11 ақп, 2022 сағат 19:56

Талапкер ҰБТ-ға кекске жасырылған смартфон алып кіруге тырысқан


Талапкер ҰБТ-ға смартфон мен модемді кекске тығып алып өтпек болған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Модем мен ұялы телефоннан жасалған тәтті десерт. Шығармашыл тест тапсырушылар таңғалдырудан шаршамайды. Мына фотода торт ішіне тыйым салынған заттарды жасырған талапкердің шығармашылық жұмысы көрсетілген", - деп жазды Емелбаев.

Оның айтуынша, талапкердің жоспары "қырағы бақылаушылардың арқасында" жүзеге аспаған. Ол ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 0 балл алған.

"Құрметті тест тапсырушылар! Смартфонға емес, тек өз біліміңізге сеніңіздер", - деді орталық басшысы.